Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді!

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында азық-түлік жәрмеңкесі өтеді!

Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Шымкентте Жаңа жыл мерекесі қарсаңында  «Қажымұхан атындағы орталық стадионының» аумағында  жергілікті тауар өндірушілер, шаруа қожалықтар мен көтерме сауда қызметімен айналысатын кәсіпкерлердің қатысуымен азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Жәрмеңке 30 желтоқсан күні таңғы 09:00-ден 15:00-ге дейінгі аралықта өтеді.

Жәрмеңкеде жемістер, көкөністер, ет өнімдері, сүт өнімдері, кондитерлік бұйымдар және тағы да басқа түрлі азық-түлік өнімдері қолжетімді бағамен ұсынылатын болады.

Құрметті қала тұрғындары және қонақтары,  қажетті азық-түлік тауарларын қолжетімді бағамен алып, Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастауға мүмкіндік беретін ерекше шарадан қалыс қалмаңыздар!

Келіңіздер, таңдау мүмкіндігі мол!

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...