Уақыт пен қатер сынағынан өткен кәсібилік

Уақыт пен қатер сынағынан өткен кәсібилік

Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағы жетуі қиын жерлерде және  қауіпті жағдайларда аса күрделі міндеттерді орындауды жалғастыруда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

2025 жыл Республикалық жедел-құтқару жасағы үшін қарбалас әрі жауапты жыл болды. Жыл басынан бері құтқарушылар 519 жедел шығу жасады. Олардың кәсіби, әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында 203 адам, оның ішінде 35 бала құтқарылды.

Жедел әрекет ету тиімділігін арттыру мақсатында Кіші Алматы шатқалында құтқару бекеті ашылды. Оның жұмысы барысында мамандар 56 төтенше жағдайға жедел әрекет етіп, 68 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарды.

Боролдай әуежайында әуе көлігін пайдалана отырып, төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге бағытталған тағы бір құтқару бекеті ашылды. Есепті кезеңде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 4 рет әуеге көтерілді, нәтижесінде 3 адам құтқарылды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана емес, шетелдік туристерге де көмек көрсетеді. Іле Алатауының жетуі қиын аудандарында Ресей Федерациясы, Қытай Халық Республикасы, Вьетнам және Үндістан азаматтарын құтқару операциялары сәтті жүргізілді.

Бүгінде Республикалық жедел-құтқару жасағы 101 жоғары білікті маманнан құралған ұйымшыл команда. Жасақ құрамында альпинистер, сүңгуірлер, кинологтар, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау мамандары, сондай-ақ медициналық психологтар мен диспетчерлер қызмет атқарады. Олардың әрқайсысының кәсіби дайындық деңгейі жоғары, дене бітімі шымыр, күйзеліске төзімді, қысылтаяң жағдайлардағы жұмыс тәжірибесі бар. Құтқару операциялары көбіне бірнеше сағатқа, кейде тіпті тәуліктерге созылады — мұндай жағдайда қателіктің құны тым жоғары.

Ұйымшыл құрылым, заманауи жабдықтар және жоғары дайындық деңгейі Қазақстан ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына мобильді болып, тәулік бойы көмек көрсетуге дайын болуға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...