2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесіне қосылады

2026 жылдан бастап 60 мыңнан астам алматылық қосымша түрде МӘМС жүйесіне қосылады

Алматыда 2026 жылдан бастап бұрын сақтандырылмаған 60 мыңнан астам тұрғын жергілікті бюджет есебінен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қосылады. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Алматы қалалық филиалының директоры Мұхамеджан Ілияс осылай мәлімдеді, деп хабарлайды No-comment.kz - Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, қазір Алматыда шамамен 2,3 млн адам тұрса, олардың 1,9 миллионы (82%) сақтандырылған мәртебеге ие екен. Қала тұрғындарының шамамен 444 мыңы қазір осы МӘМС жүйесінен тыс қалған.

«Сақтандырылмағандардың қатарында D мен Е санатына жататын, яғни жағдайы қиын және шұғыл деңгейдегі азаматтар бар. Бұлар өмірінде қиындық болып жатқан шамамен 95 мың қала тұрғыны. Олардың табысы жоқ, болса да өте төмен, күнкөрісіне жетпейді, сондықтан олар мемлекеттің қолдауына қатты мұқтаж», – дейді ол.

2026 жылы осы санаттағы медициналық көмекті тұрақты пайдаланатын 34 мың адам үшін МӘМС жарнасын жергілікті бюджеттен төлей бастамақ.

Сонымен қатар, ресми түрде тіркелген 28 мың жұмыссыз азамат үшін де жарнаны жергілікті бюджет есебінен төлейді.

«Есепке қарағанда, 2026 жылы аталған санаттағы адамдарға жарна төлеуге кететін шығын 6,9 млрд теңгеден асады. Бір адамға ай сайынғы жарна – 9189 теңге. Бұл ретте осы санаттағы барлық азамат автоматты түрде сақтандырылып, жарналар медициналық көмекке нақты жүгінген жандарға төленеді», – деді Мұхамеджан Ілияс.

Келер жылға қаңтардан бастап осы санаттағы тұрғындарға МӘМС жүйесінде дәрігерлік көмек алуға құқығын растайтын SMS-хабарлама келе бастайды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...