Президент тапсырмаларын орындау: Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады

Президент тапсырмаларын орындау: Елімізде 10 мыңнан астам орынға арналған жатақханалар іске қосылады

?Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында жатақханалардағы орын тапшылығы мәселесін шешу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Үкіметінің ресми Telegram-каналына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2025 жылы студенттерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10 740 орындық 31 жатақхананы іске қосу жоспарланған.

Жыл басынан бері 8 757 орынға арналған 26 жатақхана пайдалануға берілгені атап өтілді. Жыл соңына дейін 1 983 орындық тағы 5 жатақхана қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Жалпы, 2018 жылдан бері студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы 72,5%-ға: 2018-2019 оқу жылындағы 61,4 мың орыннан 2024-2025 оқу жылындағы 16,9 мың орынға дейін қысқарды. Бұл студенттердің өмір сүру жағдайының айтарлықтай жақсарғанын көрсетеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді, деп...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті, деп...

Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады,...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...