Цифрландыру мен жасанды интеллект: мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі

Цифрландыру мен жасанды интеллект: мемлекеттік қызметтердің жаңа кезеңі

Мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуда цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізу негізгі басым бағыттардың біріне айналды. Бүгінде бұл салада атқарылған жұмыстар халыққа көрсетілетін қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын едәуір арттыруға мүмкіндік беріп отыр.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 91 пайызы электрондық форматта көрсетіледі. Сондай-ақ қызметтердің дәл осындай үлесін азаматтар смартфон арқылы алу мүмкіндігіне ие. Жалпы саны 1 448 мемлекеттік қызметтің басым бөлігі онлайн түрде қолжетімді болып, уақыт пен қағазбастылықты азайтуға жол ашты. Бұған қоса, 39 цифрлық құжат енгізіліп, олар қағаз нұсқаларды толықтай алмастырды. Бұл өз кезегінде мемлекеттік органдар мен халық арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, процестердің ашықтығын қамтамасыз етті.

Жасанды интеллект саласында да жүйелі қадамдар жасалуда. 2025 жылғы 17 қарашада «Жасанды интеллект туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойылып, саланың құқықтық негізі қалыптастырылды. Ал 2 қазанда Халықаралық жасанды интеллект орталығы – Alem.AI ашылып, отандық және халықаралық сарапшылардың бірлескен жұмысына жол ашты.

Алдағы 5 жыл ішінде 1 миллион азаматты жасанды интеллект негіздеріне оқыту жоспарланып отыр. Бұл бастама қоғамның цифрлық сауаттылығын арттыруға және жаңа технологияларды кеңінен қолдануға бағытталған. Сонымен қатар Ұлттық жасанды интеллект платформасы іске қосылып, бүгінде онда 35-тен астам ЖИ-агент пилоттық режимде тестіленуде.

Білім беру саласында да маңызды өзгерістер бар. Қазіргі уақытта 20 жоғары оқу орнында жасанды интеллект бағытындағы білім беру бағдарламалары енгізіліп, білікті кадрлар даярлауға басымдық берілуде. Цифрландыру мен жасанды интеллектті дамытуға бағытталған бұл кешенді шаралар еліміздің технологиялық дамуын жеделдетіп, мемлекеттік қызметтерді халыққа барынша ыңғайлы әрі тиімді етуге негіз болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...