Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда

Шымкентте тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған жобалар іске асырылуда

Шымкент қаласында тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жаңа жыл қарсаңында бірқатар маңызды нысандар пайдалануға берілді.
Қалада тұрғын алаптарды газдандыру жұмыстары жалғасып, Алтынтөбе және Тассай тұрғын алаптарына табиғи газ қосылды. Алтынтөбе алабында ұзындығы 12 шақырымнан асатын газ желісі тартылып, 343 тұрғын үй газбен қамтылды. Тассай шағынауданында газ құбырының жалпы ұзындығы 68 шақырымнан асып, 3 341 тұрғын үй көгілдір отынға қол жеткізді. Жоба 2022–2025 жылдары аралығында үш кезеңмен іске асырылды.
Табиғи газға қосылу тұрғындардың жылу шығындарын азайтып, экологиялық қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Бозарық шағынауданында 203 отбасы жаңа пәтер кілтін алды. Баспана «Отбасы банк» АҚ арқылы «2-10-20» және «5-10-20» жеңілдетілген бағдарламалары аясында баспана кезегінде тұрған азаматтарға берілді.
Айта кетейік, Бозарық шағынауданында мемлекеттік тұрғын үй саясаты шеңберінде 444 пәтерлі 12 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Пәтерлер кезең-кезеңімен бөлінетін болады.
Аталған жобалар Шымкент қаласында қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастырып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етуде.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...