Түркістан облысында жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды

Түркістан облысында жеміс-жидектерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуді дамыту және отандық шикізаттың қосылған құнын арттыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде ондаған инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Осы аяда Түркістан облысының Түлкібас ауданында алма және өзге де жемістерді терең өңдейтін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын 100 пайыз табиғи, қоспасыз шырын, жеміс пюресі, алма ұнтағы, сондай-ақ балалар тағамына арналған өнімдер шығаруға бағытталған.

«Түлкібас жеміс-жидектері» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі заманауи өндіріс стандарттарына сай келеді және Қытайдан жеткізілген жаңа автоматтандырылған жабдықтармен жарақтандырылған. Зауыттың жылдық өндірістік қуаты 5 мың тоннаға дейін алма өңдеуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда кәсіпорында тәулігіне 30 тоннаға дейін алма өңделіп, Ayim брендімен шығарылатын дайын өнімдер сауда желілерінде сатылуда.

Кәсіпорын толықтай өз шикізатымен қамтамасыз етілген. 300 гектар аумақтағы алма бақтарынан жиналған өнімнің бір бөлігі өңдеуге жіберілсе, қалған бөлігі сыйымдылығы 2 мың тонналық кооперативтің жеміс сақтау қоймасында сақталып, қыс мезгілінде нарыққа шығарылады. Алдағы уақытта зауыт жергілікті бағбандардан стандартқа сай келмейтін алмаларды қабылдап, өңдеуді жоспарлап отыр. Бұл аудан фермерлері үшін қосымша қолдау болмақ.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...