Ұлттық қорғаныс университетінде полиглот сарбаз қызмет етеді

Ұлттық қорғаныс университетінде полиглот сарбаз қызмет етеді

Қатардағы жауынгер Мәди Қайсарұлын әріптестері «полиглот» деп атайды. Оның себебі 24 жастағы әскери қызметші төрт түрлі тілдік топқа жататын бес тілді еркін меңгерген, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Ұлттық қорғаныс университеті әскери-ғылыми взводының инженерлік-техникалық бөлімшесінің қатардағы жауынгері Мәди Қайсарұлы түрік, славян, герман және роман тілдік топтарына жататын бес тілде сөйлейді. Бұл ерекше қабілет оған әртүрлі ортада еркін қарым-қатынас жасауға және өзгеше мәдениеттерді терең зерттеуге мүмкіндік береді.

24 жасына дейін Мәди 20 елді аралаған. Өз сөзінше, тіл меңгеруде мотивация, жүйелі тәжірибе және халықтың мәдениетіне қызығушылық өте маңызды.

– Тілді игеру үшін жүйені түсіну, ережелер мен заңдылықтарды ажырата білу керек. Сол арқылы бөтен дыбыстар мен таныс емес сөздерден сөйлем құруға болады. Адамның қалауы алдынан есік ашады, табандылық  зерттелмеген әлемге жетелейді, ал жүйе адаспауға көмектеседі, – дейді Мәди.

Мәди екі тілді ортада тәрбиеленген. Ол ана тілін және орыс тілін еркін меңгерген. Ал шет тілі ретінде алдымен ағылшын тілін игерген, кейін лицейде түрік тілін оқып, Испанияда білім алған кезінде испан тілін меңгерген.

Сарбаз өз жетістігімен тоқтап қалуды ойламайды. Ол тағы үш-төрт тілде еркін сөйлегісі келеді, себебі тіл білу адамға бүкіл әлемді ашады.

Мойынқұм ауданы, Жамбыл облысының тумасы Мәди жаңа тілді меңгергенде сол халықтың мәдениеті мен менталитетін терең түсінуге ұмтылады. Ол бірнеше тіл білу когнитивтік қабілеттерді дамытып, жадыны, назарды, ойлау мен сөйлеуді жетілдіретініне сенімді. Бұл хобби оған әскери оқу-жаттығуларда әртүрлі тапсырмаларды жылдам орындауға мүмкіндік береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...