Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Мьянма Одағы Республикасы Президентінің міндетін атқарушы мен оның отандастарын осы елдің ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды No-comment.kz - Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Астана мен Нейпьидо арасындағы достық және өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастықтың тұғыры берік, әлеуеті зор екенін атап өтіп, бірлескен күш-жігер арқылы ықпалдастық қос халықтың игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Мин Аун Хлайнның жауапты қызметіне толағай табыс, Мьянма халқына құт-береке тіледі.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға...

Астана, 2026 жылғы 9 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары үшін Қазақстан...