Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 672-ге жетті

Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 672-ге жетті

2025 жылғы төртінші тоқсан қорытындысы бойынша Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1 672. Ал 2024 жылы 835 болған. Бұл сектордағы қарқынды өсу мен дамуды көрсетеді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ұлттық экономика министрлігіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері тізілімі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары ұсынатын мәліметтері негізінде арнайы комиссияның материалдарды қарау нәтижесі бойынша қалыптастырылып, жүргізіледі. Комиссия ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды Тізілімге енгізу ұсынымын әзірлейді. Тізілімді Ұлттық экономика министрлігі тоқсан сайын жаңартып отырады.

Еске салсақ, әлеуметтік кәсіпкерліктің жұмыс істеуіне арналған заңнамалық негіз 2021 жылы жасалған болатын. Алғаш рет азаматтардың және қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешетін кәсіпкерлік қызмет – «әлеуметтік кәсіпкерлік» ұғымы нормативтік деңгейде бекітілді. Әлеуметтік кәсіпкерлікке мүгедектігі бар адамдардың бизнесі, ерекше қажеттілігі бар адамдарға, әлеуметтік осал топ өкілдеріне жұмыс орнын ұсынатын кәсіпорындар да жатады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...