Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» атты 154-ші ерікті бекет ашылды

Қазақстанда «Ауыл құтқарушылары» атты 154-ші ерікті бекет ашылды

Шығыс Қазақстан облысының Алтынбел ауылында Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында құрылған 154-ші ерікті өрт сөндіру пунктін ашты. Бұл бастама Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі тарапынан жүзеге асырылып, ауылдық елді мекендердегі өртке қарсы инфрақұрылымды дамытуға бағытталған, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Бағдарлама мемлекеттік өрт сөндіру бөлімдерінен шалғай орналасқан елді мекендерде ерікті өртке қарсы құрылымдар желісін құруды көздейді. Мұндай бекеттер ауылдық округтердің базасында жасақталып, өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дайындығынан өткен жергілікті тұрғындардан құралады.

Бағдарлама аясында ТЖМ ерікті пункттерді өрт сөндіру техникасымен, бастапқы өрт сөндіру құралдарымен, сорғы жабдықтарымен, жеңқұбырлармен, құрал-саймандармен және қорғаныш экипировкасымен қамтамасыз етеді. Еріктілер нысанды киіммен жабдықталып, өрт-тактикалық сабақтар мен оқу-жаттығуларды қоса алғанда, практикалық дайындықтан өтеді.

ТЖМ деректеріне сәйкес бағдарламаны іске асыру ауылдық жерлерде өртке әрекет ету уақытын қысқартуға және оларды бастапқы кезеңде оқшаулау деңгейін арттыруға мүмкіндік берді. Алтынбел ауылында пункттің ашылуымен Алтынбел ауылдық округіне қарасты Егінді, Майемер, Алтынбел және Үштөбе атты төрт ауыл өртке қарсы қорғауға алынды. Аталған елді мекендерде шамамен 1 600 адам тұрады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...