Робототехника бойынша Daryn FIRST Qualifier 2026 фестивалі қорытындыланды

Робототехника бойынша Daryn FIRST Qualifier 2026 фестивалі қорытындыланды

Daryn FIRST Qualifier 2026 роботтар фестивалі өз мәресіне жетті. Іс-шараға Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарынан, сондай-ақ мамандандырылған білім беру ұйымдарынан 200-ге жуық команда мен 1500-ден астам оқушы қатысты. Екі күн бойы 4-18 жас аралығындағы қатысушылар инженерия, бағдарламалау және робототехника бағыттары бойынша өз білімдері мен практикалық дағдыларын көрсетті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Фестиваль FIRST халықаралық бағдарламасының төрт санаты бойынша ұйымдастырылды: FIRST LEGO League Discover, FIRST LEGO League Explore, FIRST LEGO League Challenge және FIRST Tech Challenge.

2025-2026 оқу маусымының тақырыбы — археология. Маусым аясында қатысушылар адамзат тарихын зерделеу, мәдени мұраны сақтау және өткеннің құпияларын заманауи технологиялар арқылы зерттеуге бағытталған жобалар әзірледі. Командалар археологиялық зерттеулерге қатысты өзекті мәселелерді талдап, роботтар көмегімен инженерлік тапсырмаларды орындады, сондай-ақ тарихи деректерді цифрландыру мен сақтау бойынша инновациялық шешімдер ұсынды.

Фестиваль қорытындысы бойынша 29 үздік команда халықаралық деңгейдегі келесі кезеңдерге — Kazakhstan Central Asia FIRST Championship 2026 жарысына жолдама алды. Аталған чемпионат 2026 жылғы ақпан айында Астана қаласында өтеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді, деп...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті, деп...

Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады,...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...