Қорғаныс министрі Қызылорда облысындағы әскери нысандарды тексерді

Қорғаныс министрі Қызылорда облысындағы әскери нысандарды тексерді

Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жұмыс сапарымен Қызылорда облысына барып, өңірдегі әскери басқару органдарының қызметімен және әскери бөлімдердің жай-күйімен танысты, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасында министр командирдің ағымдағы жағдай туралы баяндамасын тыңдап, 99215 әскери бөлімінің штаб жұмысына, сондай-ақ жеке құрамның орналасу және тамақтану жағдайларына тексеру жүргізді.
Қорғаныс істері жөніндегі департамент пен қалалық басқармада министрге жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өткізілген күзгі әскерге шақыру науқанының қорытындылары және запастағы әскери қызметшілерді даярлау барысы туралы баяндалды. Сонымен бірге, әскери мекемелердің ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталып, жаңартылған ғимараттарына ерекше назар аударылды.
66597 әскери бөлімінде қорғаныс ведомствосының басшысы штабтың жұмысын бағалап, казарма мен асхананы аралап, сарбаздармен әңгімелесті, сондай-ақ әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен танысты.
Сонымен бірге дербес барлау полкінің зымыран-артиллериялық қару-жарақ қоймасы мен жауынгерлік машиналар паркінің жағдайына айрықша көңіл бөлінді.
Сапар қорытындысы бойынша Қорғаныс министрі бөлімшелердің жауынгерлік әзірлігі мен ұрысқа қабілеттілігін арттыруға, қызмет ету жағдайларын жақсартуға және жеке құрамның жоғары моральдық рухын сақтауға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді, деп...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті, деп...

Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады,...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...