Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды

Абай облысында 5 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы іске қосылды

Абай облысының Ақсуат ауданында қуаттылығы 5 мың бас ірі қараға арналған заманауи мал бордақылау алаңы пайдалануға берілді. Нысан «Мәуліт» шаруа қожалығының базасында іске қосылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Шаруа қожалығы 3 850 гектар аумақта орналасқан және заманауи ауыл шаруашылығы техникасымен толық қамтамасыз етілген.

Қожалық қызметінің негізгі бағыттарының бірі – жергілікті тұрғындар мен жеке қосалқы шаруашылықтардан бұзауларды қабылдау. Бұл ауыл тұрғындарына қосымша табыс табуға мүмкіндік беріп, оларды агроөнеркәсіптік кешеннің өндірістік тізбегіне тартуға жол ашады.

Қазіргі таңда бордақылауда 1 200 бас бұқашық бар.

Бордақылау алаңының іске қосылуы өңірде сиыр етін өндіру көлемін арттыруға, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Абай облысының ауыл экономикасын дамытуға қосымша серпін береді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді, деп...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті, деп...

Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады,...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...