Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Қазақстан Үкіметі жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне кірісуде: геологиялық барлауға 240 млрд теңге бөлінеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел аумағын геологиялық зерделеуді қазіргі заманғы геологиялық барлау әдістерімен қамтуды ұлғайту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Қазақстан Үкіметі биыл жер қойнауын зерттеудің жаңа кезеңіне анағұрлым егжей-тегжейлі ауқымда кіріседі, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Мәселен, қойылған міндеттерді ескере отырып, өткен жылы 100 мың шаршы шақырым жалпы алаңда 1:50.000 масштабты геологиялық түсірілім жүргізуге 20 жоба әзірленді, одан кейін жыл сайын 30 мың шаршы шақырым болатын ең перспективалы учаскелер қамтылды. Салыстыру үшін айтатын болсақ, кеңес заманында жасалған картаның бұрынғы масштабы 1:200.000 болды.

Таяудағы үш жылда жоғарыда аталған 20 жобаны жүзеге асыру үшін, сондай-ақ аз зерттелген шөгінді бассейндер аумағында сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізуге, қазіргі заманғы геологиялық инфрақұрылымды құруға 240 млрд теңге немесе шамамен $500 млн бағыттау жоспарланып отыр, жалпы соңғы 15 жылда $469 млн салынды.

Жобаларға Жерді қашықтықтан зондтау деректерін талдау, аэрогеофизикалық және геохимиялық зерттеулер, далалық жұмыстар кешені кіреді. Учаскелер тізбесін қалыптастыру кезінде қорлардың сарқылу факторлары, жер қойнауын пайдаланушылардың болмауы не ең аз саны және пайдалы қазбалардың басым түрлері бойынша перспективалылығы ескерілді. Нәтижесінде мыс, алтын, қорғасын, мырыш, сирек жер элементтері, барит, боксит кен орындарын анықтау бойынша әлеуеті жоғары алаңдар анықталды.

Бұдан бөлек, аз зерттелген мұнай-газ перспективалы – Солтүстік Торғай, Шу-Сарысу және Сырдария бассейндерінде сейсмикалық барлау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сондай-ақ зертханалық-талдамалық базаны жаңғырту және геологиялық деректерді цифрландыру көзделуде.

Осы масштабта жер қойнауын геологиялық зерттеуге көшу Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия, Қытай елдерінің халықаралық тәжірибесіне сәйкес келетін геологиялық болжамдардың дәлдігін едәуір арттыруға мүмкіндік береді.

Аймақтық картаға егжей-тегжейлі түсіру перспективалы аумақтарды анықтау, геологиялық және инвестициялық тәуекелдерді азайту және кейіннен геологиялық барлау мен пайдалы қазбаларды өндіруге жеке инвестицияларды тарту үшін базалық негіз болады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесу өткізді, деп...

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Германияның федералды экономика және энергетика министрі Катерина Райхемен кездесті, деп...

Марапаттау рәсімінде Қасым-Жомарт Тоқаев Ираклий Кобахидзені еліміздің досы, көреген көшбасшы және өз ісіне берілген мемлекет қайраткері деп атады,...

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...