Шымкентте цифрландыру жаңа кезеңге қадам басты

Шымкентте цифрландыру жаңа кезеңге қадам басты

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппарат кеңесінде қаланың цифрлық дамуы жан-жақты талқыланды. Цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемеловтің мәліметінше, бүгінде Шымкентте заманауи цифрлық экожүйе қалыптасып, нақты нәтижелер беріп жатқан жобалар саны артып келеді.

Қалада «Shymkent Hub» алаңы арқылы ірі білім беру бастамалары іске асырылып, IT-мамандарды даярлау жүйелі түрде жолға қойылған. Сонымен қатар, Freedom Telecom компаниясымен бірлесіп «AI LAB» жасанды интеллект зертханасын іске қосу жоспарланып отыр. Бұл бастама өңірде AI-технологияларды дамытуға және инновациялық шешімдерді енгізуге серпін береді.

Мемлекеттік басқаруды цифрландыру бағытында «QAZTECH» бірыңғай платформасына көшу жұмыстары жүргізілуде. Қаланың барлық ақпараттық жүйелері түгенделіп, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор өкілдеріне түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылған. Бұл қадам деректердің бірізденуіне және басқару тиімділігінің артуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, «Smart Shymkent» жобалары тұрақты мониторингтен өтті. Сәтті жүзеге асырылған жобалар қатарында дрон инфрақұрылымы бойынша пилоттық жоба, инсультті ерте анықтауға арналған «CEREBRA AI» жүйесі және жасанды интеллектке негізделген пациенттерге автоматты қоңырау шалу жүйесі бар. Ал тиімділігі төмен деп танылған бірқатар жобалар уақытша тоқтатылып, ресурстар перспективалы бағыттарға қайта бағытталды.

Жалпы, Шымкентте цифрландыру тек технология енгізу емес, қалалық басқару сапасын арттыруға, тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған нақты құралға айналып келеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...