Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның ашылу салтанатында сөз сөйледі

Іс-шараға әлемнің 20-дан астам елінен келген тарихшы-медиевистер, археологтар, шығыстанушылар, түркітанушылар, моңғолтанушылар, нумизматтар, эпиграфика мамандары, саясаттанушылар, мәдениеттанушылар, өнертанушылар, дипломаттар және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуда.

Президент өз сөзінде Алтын Орда тарихының адамзат өркениетіндегі ерекше орнына тоқталды. Оның айтуынша, Алтын Орда Еуразияның ұлан-ғайыр аумағында билік құрған қуатты империя ретінде Батыс пен Шығысты байланыстырып, түрлі мемлекеттер мен өркениеттердің дамуына зор ықпал еткен.

Мемлекет басшысы бұл тақырыптың әлі де өзектілігін жоғалтпағанын атап өтті.
«Алтын Орда тарихы көптеген іргелі зерттеулерге арқау болғаны анық. Дегенмен бұл тақырып әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ, меніңше, ешқашан жоғалтпайды», – деді Президент.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға арнайы келген шетелдік ғалымдар мен халықаралық ұйым өкілдеріне алғыс білдіріп, олардың баяндамалары мазмұнды әрі маңызды болғанын айтты.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев «Roca Group» компаниясының өкілдерімен Қызылорда облысында...

Үкімет Мемлекет басшысы Құрылтайдың бірінші сессиясында қойған міндеттері аясында өңірлердегі әлеуметтік инфрақұрылымды озық дамыту жұмыстарын...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылы Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында берген еліміз бойынша футболды дамыту және өңірлерде...