Алматыда ірі инфрақұрылымдық және индустриялық жобалар жаңа кезеңге өтті

Алматыда ірі инфрақұрылымдық және индустриялық жобалар жаңа кезеңге өтті

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Алматы қаласына жұмыс сапары барысында мегаполистегі негізгі көлік-логистикалық, энергетикалық, туристік және индустриялық жобалардың жүзеге асу барысымен танысты.

Сапар аясында Алматы халықаралық әуежайын жаңғырту жұмыстары қаралды. Жалпы аумағы 56 мың шаршы метр болатын жаңа халықаралық терминалға 93 млрд теңге инвестиция салынған. Нәтижесінде әуежайдың өткізу қабілеті жылына 14 миллион жолаушыға дейін артты. Сонымен қатар ұшу-қону жолағын жөндеу, жүк терминалдарын кеңейту, қонақ үй мен паркинг салу бағытындағы жобалар жалғасып жатыр.

Энергетика саласында екінші және үшінші ЖЭО-ларды газға көшіру жұмыстары қарқын алған. Жаңғырту нәтижесінде Алматыдағы ауаға тарайтын зиянды қалдықтар айтарлықтай азайып, қала тұрақты энергиямен қамтамасыз етіледі.

Туризм бағытында Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобалары жүзеге асырылуда. Жоба аясында тау инфрақұрылымы кеңейтіліп, шаңғы трассаларының ұзындығы 252 шақырымға дейін ұлғаяды.

Сонымен қатар Алматы индустриялық аймағында автомобиль өндірісін дамыту жалғасуда. Жылына 120 мың көлік шығаруға қауқарлы жаңа зауыт іске қосылып, мыңдаған жұмыс орны ашылды.

Бұл жобалар Алматының экономикалық әлеуетін күшейтіп, қаланы аймақтағы ірі логистикалық, туристік және индустриялық орталықтардың біріне айналдыруға бағытталған.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Іс-шара елорда да, жыл сайынғы «Ulttyq ónim – 2026» Қазақстандық өндірушілердің  IX көрмесі аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР...