Үкіметте медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері қаралды

Үкіметте медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері қаралды

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев медициналық техниканы орталықтандырылған сатып алу мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсына сілтеме жасап.

Бағаны қалыптастыру және оңтайландыру тәсілдерін жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатын тиімді пайдалануды арттыруға және медициналық ұйымдарды қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге бағытталған нақты шараларды қабылдау мәселелері қаралды.

Қазіргі жағдайда негізгі міндет медициналық ұйымдардың жабдықтарға жоспарланған ағымдағы қажеттілігін сақтай отырып, үнемдеуді қамтамасыз ету болуы тиіс екені атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша медициналық техниканың негізсіз жоғары құны анықталған жағдайда жедел шаралар қабылдау, сонымен қатар жабдықтың сапасы мен техникалық сипаттамаларына қойылатын белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берілді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ