Ақмола облысы Зеренді ауданында Қанай би ауылында жаңғыртудан өткен «Ауыл құтқарушылары» өрт сөндіру бекетінің ашылуы өтті, деп хабарлайды No-comment.kz - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Өрт сөндіру бекетін жаңарту және іске қосу жергілікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қолдауының арқасында жүзеге асты. Жоба өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, өрт сөндіру бөлімшелерінің оқиға орнына жету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.
Өрт сөндіру бекеті жақын орналасқан өрт сөндіру бөлімінен 39 шақырым қашықтықта орналасқан. Ол жалпы саны 596 адам тұратын төрт елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Жедел әрекет ету үшін бекет өрт сөндіру автокөлігімен жабдықталған. Қазіргі уақытта бөлімше қажетті өрт сөндіру-техникалық құралдарымен және жеке құраммен толық қамтамасыз етілген.
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы шалғай елді мекендер тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам. Дайындықтан өткен жеке құрам мен қажетті техниканың болуы өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға уақтылы ден қоюға, сондай-ақ халық арасында профилактикалық жұмыстар жүргізуге мүмкіндік береді.

