Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Жетісай аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында интернет алаяқтықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара барысында азаматтарға интернет арқылы жасалатын алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдары түсіндіріліп, күмәнді сілтемелерге өтпеу, жеке мәліметтер мен банк картасының деректерін бөгде адамдарға бермеу жөнінде кеңестер айтылды.
Сонымен қатар, тұрғындарға интернет алаяқтарының арбауына түспеу үшін арнайы ақпараттық жадынамалар мен парақшалар таратылды.
Полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және күмәнді жағдайлар туындаған кезде бірден құқық қорғау органдарына хабарласуға шақырды.


#ИнтернетАлаяқтық
#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДО

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу, зиянды ортадан аулақ болу және жақындармен ашық сөйлесу – тәуелділіктің алдын алудың тиімді...

Есірткі – адам денсаулығына және өміріне үлкен зиян келтіруі мүмкін қауіпті заттар. Оның алдын алу үшін жастарға есірткінің зияны туралы дұрыс...