Полиция тазалықты сақтауға түсіндіру жұмыстарын күшейтті

Полиция тазалықты сақтауға түсіндіру жұмыстарын күшейтті

Түркістан облысының полицейлері «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында елді мекендердегі тазалық талаптарының сақталуын бақылауда ұстауда.
Мәселен Төлеби ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында қоғамдық орындар мен ортақ пайдаланылатын аумақтарды ластау, белгіленбеген орындарға қоқыс тастау фактілері анықталды. Нәтижесінде 50-ден астам тұрғынның жауапкершілігі қаралды.
Полиция қызметкерлері тұрғындарға қоршаған ортаны ластамау және тазалық талаптарын сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Түркістан облысының полицейлері қоғамдық тәртіп пен тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Покупка атомной станции — это не поход в автосалон и даже не закупка железнодорожных составов. Нельзя просто заплатить миллиарды, получить ключи и...

Әлемдік атом энергетикасы жаңа даму кезеңіне кіріп отыр. Электр энергиясына сұраныстың өсуі, энергетикалық қауіпсіздік және төмен көміртекті...

Отырар ауданында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күні аясында «Күзді таза қарсы алайық!» айдарымен ауқымды сенбілік өтті. Іс шараның...