Күзді таза қарсы алайық!

Күзді таза қарсы алайық!

Отырар ауданында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күні аясында «Күзді таза қарсы алайық!» айдарымен ауқымды сенбілік өтті. Іс шараның мақсаты - қоршаған ортаның тазалығын сақтау, қоғамдық орындарды абаттандыру және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.
Сенбілікке аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бастаған мемлекеттік және квазимемлекеттік мекеме қызметкерлері, белсенді жастар, аудандағы білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлері, ауыл тұрғындары қатысты.
Тазалық жұмыстарының негізгі бөлігі Отырар ауданындағы «Шәміл-Дүр» жастар саябағында жүргізілді. Қатысушылар саябақ аумағындағы шөптерді шауып, ретсіз шашылған қоқыстарды жинап, көшет егу жұмыстарын жүргізді. Жиналған қоқыс қалдықтарын арнайы көліктерге тиеп, белгіленген полигондарға шығарды.
Аудан орталығынан бөлек барлық ауыл округтерін қамтыған сенбілік жұмыстарына 2000-ға жуық адам қатысып, 18 арнайы техниканың көмегімен 30 тонна қоқыс қалдықтары шығарылды.
«Таза Қазақстан» жалпыхалықтық шарасы аясында аудан аумағында тұрақты түрде жүргізіліп келе жатқан тазалық жұмыстарына отырарлықтардың бір кісідей атсалысуы – тазалықтың тек жекелеген мекемелердің ғана емес, баршаға ортақ міндет екенін көрсетіп отыр. Әсіресе, жастардың белсенділігі қоршаған ортаға деген жауапкершіліктің қалыптасып келе жатқанын аңғартады.
Сенбілік барысында аудан өнерпаздары да қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, концерттік бағдарлама ұсынды.
#ТазаҚазақстан

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Покупка атомной станции — это не поход в автосалон и даже не закупка железнодорожных составов. Нельзя просто заплатить миллиарды, получить ключи и...

Әлемдік атом энергетикасы жаңа даму кезеңіне кіріп отыр. Электр энергиясына сұраныстың өсуі, энергетикалық қауіпсіздік және төмен көміртекті...

Отырар ауданында «World Cleanup Day» – Дүниежүзілік тазалық күні аясында «Күзді таза қарсы алайық!» айдарымен ауқымды сенбілік өтті. Іс шараның...