Денсаулық сақтау саласындағы 9 айдың қорытындысы қаралды

Денсаулық сақтау саласындағы 9 айдың қорытындысы қаралды

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Арман Сәбитовтың төрағалығымен денсаулық сақтау саласының 2026 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындысы бойынша алқа отырысы өтті.

Бұл туралы No-comment.kz Шымкент қаласы әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды

Жиында денсаулық сақтау басқармасының есепті кезеңдегі жұмысы, медициналық қызметтер көрсету мен дәрілік заттардың айналымын бақылау, санитариялық-эпидемиологиялық ахуал және иммунопрофилактика, сондай-ақ, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің қорытындылары талқыланды.

Жиынға мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдардың басшылары, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің, медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің өкілдері, сондай-ақ, денсаулық сақтау басқармасының мамандары қатысты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалыбековтың мәліметінше, тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы 77,2 жасты құрап, республикалық көрсеткіштен жоғары болды. Қан айналымы жүйесі ауруларынан, қатерлі ісіктерден және жазатайым оқиғалардан болатын өлім-жітім көрсеткіштері төмендеді.

 Есепті кезеңде онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді ауруханада алғаш рет екі науқасқа күрделі лапароскопиялық операция жасалып, сүйек кемігін трансплантациялау жүргізілді. Бүйрек ісігін емдеуде криоабляция әдісі алғаш рет қолданылып, 8 науқасқа аз инвазивті ем көрсетілді. Қалалық №1 клиникалық ауруханада бүйрек трансплантациясының жалпы саны 256-ға жетті.

Сонымен қатар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды антиретровирустық терапиямен қамту көрсеткіші 93%-ды құрады. Қалада 4 коронарлық араласу орталығы мен 14 бейінді құзыреттілік орталығы ашылды. «Әлеуметтік әмиян» жобасы аясында дәрілік рецепттердің 81,7%-ы орындалды.

Алқа отырысының қорытындысы бойынша саланың өзекті мәселелері талқыланып, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған міндеттер айқындалды.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға...

Астана, 2026 жылғы 9 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары үшін Қазақстан...