Алматыда жасанды интеллектті дамытуға арналған екі ірі технологиялық орталық құрылуда

Алматыда жасанды интеллектті дамытуға арналған екі ірі технологиялық орталық құрылуда

Алматы қаласында жасанды интеллект саласын дамытуға және инновациялық экожүйені қалыптастыруға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылуда. Almaty AI Hub және Almaty AI Park орталықтары білім беру, ғылыми зерттеулер мен технологиялық кәсіпкерлікті біріктіретін заманауи инфрақұрылымға айналмақ.
Көктем-3 шағынауданында ашылатын Almaty AI Hub үшін жалпы ауданы 9,4 мың шаршы метрден асатын ғимарат қайта жаңғыртылуда. Мұнда 556 жұмыс орны қарастырылып, IT-компаниялар, стартаптар мен жасанды интеллект әзірлеушілеріне қолайлы жағдай жасалады.
Орталықта білім беру алаңдары, коворкинг кеңістіктері, конференц-залдар, жасанды интеллект мектебі және AI Campus инфрақұрылымы орналасады. Бұл мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып, инновациялық идеяларды тәжірибеге енгізуге мүмкіндік береді.
Ал Almaty AI Park жобасы 4,9 гектар аумақта жүзеге асырылады. Технологиялық кешенде ғылыми-зерттеу зертханалары, кеңселер, акселератор, бизнес-инкубатор, университет және түрлі іс-шараларға арналған алаңдар ашу жоспарланған.
Құрылыс екі кезең бойынша жүргізіледі. Бірінші кезеңді 2027 жылдың желтоқсанында, екіншісін 2028 жылдың желтоқсанында аяқтау көзделіп отыр.
Аталған жобалар Алматының технологиялық әлеуетін арттырып, жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Сонымен қатар ғылыми орта мен бизнестің өзара байланысын нығайтып, перспективалы стартаптардың дамуына жағдай жасалады. Заманауи инфрақұрылымның қалыптасуы инновациялық шешімдерді әзірлеуді жеделдетіп, Алматының еліміздегі жетекші цифрлық және ғылыми-технологиялық орталық ретіндегі орнын күшейтуге ықпал етеді.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Астана қаласындағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде «Су ізі: әр адамның жауапты таңдауы» тақырыбында экологиялық сағат өтті. Іс-шараға...

Астана, 2026 жылғы 9 қараша - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен халықаралық ұйымдар басшылары үшін Қазақстан...