«Қаржыны игере алмайсыздар»: Шөкеев аудан басшыларын қатаң сынады

«Қаржыны игере алмайсыздар»: Шөкеев аудан басшыларын қатаң сынады

Түркістан облысында Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық аппарат жиналысында бюджет қаражатының игерілу барысы айтылды, деп хабарлады  Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жергілікті бюджеттің тиімді орындалуы мен мемлекеттік активтердің мақсатты жұмсалуы облыс басшысының жіті бақылауында. Осы орайда отырыста бірқатар аудан әкімдері мен басқарма басшылары облыс әкімінің қатаң сынына ұшырады.

«Бюджет қаржысын мақсатты игеру - басты назарда. Аталған қаржыларды Үкіметтен бөлдіру үшін қаншама уақыт пен күш жұмсалады. Ал сіздер келіп тұрған қаржыны игере алмайсыздар. Ондай аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларының себебін - сылтау деп түсінем», –деді Өмірзақ Естайұлы.

11 айдың қорытындысымен бюджеттен бөлінген қаржыны өз мерзімінде әрі сапалы игермеген жағдайда, жауапты тұлғаларға тәртіптік шара қолданылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...