TengriBank басқарма басшысының экс-орынбасары ұсталды

TengriBank басқарма басшысының экс-орынбасары ұсталды

Қаржы министрлігі TengriBank басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Бақтияр Ілиясов пен TengriBank-тің Алматыдағы филиалы директорының экс-орынбасары Әсет Жадықовтың ұсталғанын растады. Ведомство баспасөз қызметі бұл туралы қосымша ақпарат кейінірек хабарланатынын жеткізді.

Бұған дейін әлеуметтік желіде тараған ақпаратта олар банктің жалпы сомасы 8 миллиардтан астам теңге ақшасын қайтарымсыз заем түрінде беру арқылы ұрлады деген күдікке ілінгені айтылды.

Еске сала кетейік, 18 қыркүйекте TengriBank банктік және өзге де операцияларды жүргізуге берілген лицензиясынан айырылды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...