Әлия Назарбаева желіде ақша сұрайтын оқырмандарына жауап берді

Әлия Назарбаева желіде ақша сұрайтын оқырмандарына жауап берді

Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Әлия Назарбаева желідегі оқырмандары тарапынан материалдық көмек көрсету туралы көп хат келетінін өзінің инстаграм парақшасында жазды.

«Маған күнделікті көп адам көмек сұрап жазады. Өз көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамның қажеттілігі мен мұқтаждығын орындай алмаймын. Мен қоғамдық маңызы бар дүниелермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!», - деп жазды ол көмек сұрағандардың бірінің хатын жариялап.

Сондай-ақ Әлия Назарбаев Қор баспана, жұмысқа орналастыру мәселелерімен айналыспайтынын және мемлекеттік органдардың істеріне араласпайтынын атап өтті.

«Бәріне бірдей көмектесу сіздің игі іспен айналысып жүргеніңізді білдірмейді! Кейде бас тарту – өз ниетіңе берік болу! Ал менің мақсатым – экология және білім жолында еңбектену!», - деп жазды ол.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...