Дәрігер қорқор (кальян) шегетіндерге қатерлі ісік қаупі туралы ескертті

Дәрігер қорқор (кальян) шегетіндерге қатерлі ісік қаупі туралы ескертті

Ресейлік дәрігер және тележүргізуші Александр Мясников қорқор (кальян) темекіге қарағанда зиян екенін айтты. Оның айтуынша, көп адам қорқорды темекі шегудің қауіпсіз әдісі деп санайды, - деп хабарлады Tengrinews.kz  РИА Новости басылымына сілтеме жасап.

«Шындығында, адам денсаулығына қорқордың (кальян) бір жұтымынан бір жарым қорап темекі шеккенмен тең зиян келеді», - деп түсіндірді Мясников.

Дәрігер ұсақ түтін бөлшектерін жұту өкпе қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін айтты.

«Біз жанған микробөлшектерді түтінмен бірге жұтамыз. Одан өкпеде шағын күйіктер пайда болады. Ол кейіннен өкпе қатерлі ісігін тудыруы мүмкін», - деді ол.

Оның айтуынша, темекі шегудің қауіпсіз түрі жоқ, бұл түтік пен темекіге де қатысты. Дәрігер олар ауыз қуысының қатерлі ісігін өршітетінін айтты.

Айта кетейік, 2020 жылдың тамызында Қазақстанда темекі шегуге тыйым салынған орындар тізімі кеңейтілді. Қазір жабық аялдамаларда, ойын алаңдарында, метро және жерасты өткелдерінде темекі шегуге болмайды. Сондай-ақ, электронды темекі, қорқор (кальян) және темекі өнімдерінің барлық түрін қолдануға болмайды. 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды. Президент форум қатысушыларына бірнеше...

– Еліміз үшін бұл – сыртқы саясаттағы ең маңызды мақсаттардың бірі. Ортақ тарихымызға үңілсек, Қытай халқы біздің халқымызға ешқашан ешқандай зиян...