Тоқаев: «Меморган басшылары бір көлікке жылына 6 млн теңгеден астам қаражат жұмсайды»

Тоқаев: «Меморган басшылары бір көлікке жылына 6 млн теңгеден астам қаражат жұмсайды»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекеттік автопаркті ұстауға жыл сайын бөлінетін соманы атады. Мемлекет басшысының айтуынша, орталық мемлекеттік орган басшыларына арналған автопаркті ұстауға жылына аса ірі сомада бюджет қаражаты жұмсалады.

«Мәселен, бір автомобильді ұстауға орташа есеппен жылына 6 миллион теңгеден астам қаражат жұмсалады», - деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.

Президент бірқатар елдерде жеке қызметтік көліктің орнына ақшалай өтемақы тәжірибесі енгізілгенін айтты.

«Мұндай тәсіл «Самұрық-Қазына» қорында сәтті сынақтан өтті. Бұл қызметтік автокөліктердің санын айтарлықтай қысқартуға және әкімшілік шығынды 1,5 млрд теңгеге азайтуға ықпал етті», - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы бюджеттік процестің бір бөлігі ретінде сатып алудың «Бірыңғай терезесін» жасауды, Үкіметке Президент әкімшілігімен бірлесіп автокөлікпен қамтамасыз етудің жаңа схемасы бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырды.

 

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жасанды интеллект негізінде мемлекеттік...

ҰСБ алдын ала дерегіне қарағанда, 2026 жылғы қаңтар-шілдедегі ЖІӨ-нің өсуі 4,1%. Бұл бірінші жартыжылдықтағы көрсеткіш деңгейінде. Мұнай өндірудің...

ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті,...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың әкесі Бақтыбай Алпамысовтың дүниеден өтуіне байланысты қайғысына ортақтасып, көңіл...