Шымкент қаласында 2025 жылы жол-құрылыс саласында ауқымды жұмыстар жүргізілді

Шымкент қаласында 2025 жылы жол-құрылыс саласында ауқымды жұмыстар жүргізілді

2025 жылы Шымкент қаласы әкімшілігінің тапсырмасы бойынша «ТОО Жарық Жол Сервис» компаниясы қала көлемінде бірқатар жол-құрылыс жобаларын іске асырды. Аталған жұмыстар қаланың көлік инфрақұрылымын жетілдіруге, тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы жүріп-тұруына жағдай жасауға бағытталды.

Биыл қаладағы бірнеше шағынаудандарда жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көптеген көшелер жаңартылды.

Сайрам шағынауданы
Аудандағы 174 көше асфальтобетонмен толықтай жабылды. Жөндеу жұмыстары ірі магистральдар мен шағын тұйық көшелерді қамтыды. Бұл тұрғындардың жол қозғалысын айтарлықтай жеңілдетті.

Алтын Орда (Бозарық) шағынауданы
31 көше жаңартылып, асфальттың сапалы қабаты төселді. Ауданның негізгі көшелері қайта жаңғырып, көлік ағыны реттелді.

Тұран шағынауданы
57 көшеге асфальт төселіп қана қоймай, жаяу жүргіншілер жолдары да салынды. Бұл ауданның инфрақұрылымын кешенді түрде дамытуға мүмкіндік берді.

Таскен шағынауданы
12 көшеге асфальт төселіп, тұрғындарға жайлы жағдай жасалды.

Қайтпас-1 шағынауданы
10 көше толықтай жаңартылып, жол қозғалысының қауіпсіздігі артты.

Мирас шағынауданы
10 көшеде асфальтбетон қабаты төселді.

Шапағат шағынауданы
14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жалпы алғанда, атқарылған жұмыстар Шымкент қаласының инфрақұрылымын заманауи талаптарға сай дамытуға, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыруға және тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған. Қала көшелерін абаттандыру – тұрғындардың күнделікті өмір сапасын жақсартуға жасалған нақты қадам болып табылады.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...