Қала тұрғындарының жайлы өмірі – мамандардың еңбегінде

Қала тұрғындарының жайлы өмірі – мамандардың еңбегінде

Шымкент қаласының жылу жүйелерін тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ету – тұрғындардың күнделікті тұрмыс сапасына тікелей әсер ететін аса маңызды міндет. Бұл салада көрінбейтін майдандай жұмыс бар: әрбір құбыр, әр клапан, әр деталь — қаладағы жылудың қауіпсіз берілуінің кепілі. Осы жауапты жұмыстың алдыңғы шебінде жүрген тәжірибелі мамандардың бірі — Якубходжаев Ахмалхан Таджиханович.

Ахмалхан Таджиханович 1983–1986 жылдары Шымкент облысындағы №25 орта кәсіптік-техникалық училищесінде «электрбіріктіруші» мамандығын игеріп, техникалық бағыттағы кәсіби жолын ерте бастады. Жас маман еңбекке зор ықыласпен араласып, алған білімін өндірісте шыңдауға білек сыбана кірісті.

1986–2002 жылдары СПМК-10 мекемесінде 3-дәрежелі электр дәнекерлеуші, слесарь-монтажшы және сантехник ретінде еңбек етіп, маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және оларды қолданысқа енгізуге атсалысты. Бұл жылдар оның кәсіби тәжірибесінің қалыптасу кезеңі болды. Қай жерде жұмыс істесе де, ұқыптылық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, тапсырылған іске адалдық — оның басты қағидаты еді.

2002–2003 жылдары «Энергоцентр-3» АҚ-да жылу желілерін жөндеумен айналысатын слесарь қызметін атқарды. Жылумен қамтамасыз ету жүйелерінің қыр-сырын жан-жақты меңгерген Ахмалхан Таджиханович тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың үздіксіз жылу алуына үлес қосты. Еңбек жолындағы әрбір тәжірибе оның кәсіби шыңдалуына әсер етті.

2020 жылдан бастап бүгінге дейін Ахмалхан Таджиханович Шымкент қаласындағы «Қуатжылуорталық-3» МКК-ның №1 аудандық бөлімшесінде 4-дәрежелі слесарь қызметін табысты атқарып келеді. Қыстың қақаған суығы немесе ауа райының қолайсыздығы — ол үшін кедергі емес. Тұрғындар жылусыз қалмауы үшін қажет болғанда тәулік бойы жұмысқа шығу — бұл сала қызметкерлерінің қалыпты кәсібилігі.

Ол жылу құбырларының жағдайын тұрақты бақылауда ұстап, ақауларды дер кезінде анықтап, жедел қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Себебі кішкентай ақаудың өзі үлкен мәселеге, мыңдаған отбасының жайлылығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан Ахмалхан Таджиханович жұмыста қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтап, әрбір детальға жіті назар аударып отырады.

Әріптестері оны сабырлы, тәжірибелі, сенімді тұлға ретінде бағалайды. Өз ісінің шебері ғана емес, жас мамандарға бағыт-бағдар көрсетіп, үйретуден жалықпайтын мейірімді әріптес. Қажырлы еңбегімен өнеге көрсетудің өзі — үлкен ұстаздық.

Қоғамда көпшілік алдына жиі шығып, мақталып жүрмесе де, Ахмалхан Таджиханович секілді еңбек адамдарынсыз өмірді елестету мүмкін емес. Олардың қолымен қаланың тыныс-тіршілігі тоқтамай, жылуы үзілмейді.

Ол үшін еңбек – жай ғана жұмыс емес. Бұл — елге қызмет ету, өз қолының күшімен қала тұрғындарының жайлы өміріне үлес қосу.

Қазір оқылып жатыр

Толығырақ

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Мемлекет басшысының атынан шахматшы Бибісара Асаубаеваға мемлекеттік награда табыстады, деп...

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген...

Президент түрікмен халқының Ұлттық көшбасшысын туған күнімен құттықтап, оның бауырлас Түрікменстанның игілігі үшін атқарып жатқан жауапты...

Қазақстанның регби-7 ұлттық құрамасының капитаны Магомедрасул Магомедов отандық спорт тарихына тағы бір жарқын жетістік жазды. Ол 28 маусымда...